
23.09.2026
📌 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
«Ziyatker» инновациялық мектеп-лицейі сіздерді ата-аналар комитетінің жиналысына қатысуға шақырады!
🗓️ Күні: 25 қыркүйек 2026 жыл (жұма)
⏰ Уақыты: 17:00
📍 Өтетін орны: Мектеп фойесі
👥 Жиналысқа қатысушылар:
📋 Жиналыста қаралатын өзекті мәселелер:
1️⃣ Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2️⃣ Балалардың денсаулығын сақтау және аурулардың алдын алу шаралары.
3️⃣ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіп.
4️⃣ Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі және мектеппен өзара ынтымақтастығы.
5️⃣ Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы).
6️⃣ Басқа да өзекті мәселелер.
📢 Балаларымыздың қауіпсіздігі мен амандығы – бәрімізге ортақ мәселе. Сондықтан жиналысқа белсенді қатысуларыңызды сұраймыз!
🤝 Бірге – қауіпсіз, дені сау, жарқын болашаққа!
Құрметпен, «Ziyatker» инновациялық мектеп-лицейі» ЖШС әкімшілігі
22.09.2026
ЖАҢА МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТ МҮШЕЛЕРІМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР!
«Зияткер» инновациялық мектеп-лицейінің жаңа Президенті атануымен 8 «А» сынып оқушысы Амина Айдарханды шын жүректен құттықтаймыз!
Сондай-ақ жаңадан сайланған мектеп парламентінің мүшелерін мақтанышпен қарсы аламыз. Бастаған істеріңіз батылдықпен, жауапкершілікпен және оң өзгерістерге ұмтылыспен өрбісін.
✨ Батылдықпен бастаңыз. Мақсатпен жігерлендіріңіз. Өзгеріс әкеліңіз.
20.09.2026
«Жақсылықтың тамыры – мейірімде»❤️
📚«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы «Қамқор» әлеуметтік жобасы жүректен жүрекке жеткен игі істермен жалғасуда.
📌Осы бағытта мектебіміздің 8 “А”және 8 “В” сынып оқушылары «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілерімен арнайы бас қосып, «Қара алтын» фильмін бірге тамашалады.👍🏻
Ортақ көру, шын жүректен болған әңгімелер мен ашық пікір алмасу балалардың көңіл түкпіріндегі ізгілік сезімдерін оятып, ерекше бір жылулық сыйлады.✨
Кино тамашалаумен шектелмеген бұл кездесу балалар арасында шынайы достық қарым-қатынас орнатып, бір-біріне деген бауырмалдық пен ыстық ықыласқа ұласты. Себебі жас ұрпақтың бойындағы ең басты құндылық – жан дүниесінің тазалығы, қоршаған ортаға және адамға деген шынайы қамқорлық екені сөзсіз.💫
18.09.2026
18 қыркүйекте «Ziyatker» инновациялық мектеп-лицейінде Мектеп Президентін сайлау өтті.
5–9 сынып оқушылары өз таңдауларын жасап, мектеп өміріне белсенді қатысудың маңыздылығын көрсетті. Сайлау оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!
16.09.2026
🍂 КҮЗГІ ПИКНИК КҮНІ | 5–6 СЫНЫПТАР
Таза ауаға, қызықты ойындарға, биге, күлкі мен ұмытылмас сәттерге толы күн! 🪁✨
Оқушыларымыз керемет күз ауа райынан ләззат алып, бірге тамаша естеліктер қалдырды. 🤎
11.09.2026
📚“Бірлесіп – бала болашағына”
📆2026 жылғы 11 қыркүйекте «Ziyatker» инновациялық мектеп-лицейінде 1–9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ата-аналар жиналысы өткізілді.✅
📌Жиналыс барысында мектептің ішкі тәртіп ережелері, оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігі, оқу-тәрбие үдерісі және ата-аналармен өзара ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.
📌Мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастық – оқушының сапалы білім алып, саналы тұлға болып қалыптасуының маңызды негізі.
04.09.2026
Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне және Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Ziyatker» инновациялық мектеп-лицейінде «Тіл – ұлттың рухы» атты танымдық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында оқушылар тілдің ұлт өміріндегі маңызы туралы білімдерін кеңейтіп, ана тіліне деген құрметтерін арттырды. 🇰🇿📚
01.09.2026
Бүгін «Ziyatker» инновациялық мектеп-лицейінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. ✨
Қуанышқа толы көздер, сағынышпен қауышқан ұстаздар мен шәкірттер, жаңа оқу жылына деген ерекше көңіл күй — бүгінгі мерекенің көркін аша түсті. 💐
🔔 Алғашқы қоңырау үні де сыңғырлай соғылып, білім мен жаңа мүмкіндіктерге бастар кезекті оқу жылын бастап берді.
Мектеп құрылтайшысы Руслан Кажданбекұлы мен мектеп директоры Райхан Аленовна барша оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік пен толағай табыстар тіледі. 👏
🌟 Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Барша шәкірттерімізге сәттілік, ұстаздарымызға шығармашылық шабыт, ал білім жолына нық қадам басқан бүлдіршіндерімізге жарқын болашақ тілейміз! ❤️